Мектеп тарихы

Мектеп 29 қыркүйек 1972 жылы Шевченко қалалық атқару комитетінің актісінің негізінде  пайдалануға беріліп, содан бері ширек  ғасыр  халық игілігі үшін қызмет көрсетіп келеді. Мектептің сыйымдылығы - 960 орын. 1972-1992  жылға дейін орыс тілді мектеп, 1992-2006 –аралас (қазақ, орыс) тілді мектеп, 2006 жылдан бастап қазақ мектебі болды. Қазіргі таңда 798 оқушы, 78 мұғалім қызмет етеді. Білім ордасы 2015 жылдан бастап ҚР БжҒМ, ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитеті және БҰҰ балалар қорының  (ЮНИСЕФ)  жобасы негізінде «Апаттық жағдайлар  қаупін төмендету  пилоттық мектебі», 2016 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» адамгершілік –рухани білім беру бағдарламасы бойынша, республикалық «Адал ұрпақ» еріктілер ұйымының пилоттық мектебі болып танылды.

2016 жылдың 23 желтоқсаныныда ҚР премьер минстрінің қаулысы бойынша Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен Маңғыстаулық майдангерлердің бірі Ленин Орденді батыр Исатай Сүйеубаевтың есімі берілді. Ерлігі мен өрлігі аңызға айналған Исатай батырдың киелі Маңғыстауда тууы да кездейсоқтық емес болар. Кие десе кие тұнған,  ата-баба салтын сақтаған, қолөнерін кейінге мұра етіп қалдырған қасиетті Маңғыстау жерінен шайырлар мен батырлар шыққан, билер мен шыққан. Ешкім іштен батыр болып тумайды батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады деп Бауыржан атамыз айтқандай, Қарасай, Қази, Ер Бекет,  Сүйінқара, Құлбарақ, Тоқтамыс батыр, Ер Төлеп,  Иса, Досан сынды бабалар ерлігін тыңдаған, Исатай батырдың есімін алған, жастайынан қайратты ,  батыл,мерген және  жыр дастанға құмар болып өскен Исатайдың  батыр болмауы мүмкін емес еді. 

Исатай Сүйеубаев  (1913-1947)  1913 жылы Маңғыстаудың Тиген деген жерінде  дүниеге келген. Адайдың алтыншы ұрпағы болып келетін Тоқтамыс руынан тараған, Әкесі  Шахат, шешесі Күнжан. 1930 жылдарда қарабұғазға көшкен  700 үймен бірге сонда жұмыс жасайды. Соғыстың алдында Кетік қазіргі Форт –Шевченко қаласында жұмысшылар дайындайтын ФЗО- да оқып, механик -шоферлік мамандық алып, сол кездегі аудандағы жалғыз машинаның роліне отырады. Соғыс басталып ер азаматтар майданға аттанған кезде өз еркімен майданға сұранады. 

1942 жылы соғысқа аттанып, сол жылдың 20 қарашасында Сталинград түбіндегі ұлы шайқасқа қатынасып, танк автоматтан оқ жаудырып, қыза -қыза қолма- қол ұрысқа кіреді. 180 дей жауды жер жастандырып, ерен ерлік көрсетеді. Командирлері оны үлкен награда   Кеңес Одағының батыры атағына ұсынады. Орталық архив материалдары мен майдандас достары да оны растайды. Сол соғыста ауыр жараланады, 1943 жылы Ленин ордені беріліп, 1944 жылы елге оралып, колхозда жұмыс жасайды.

1947 жылы Күнжан шешесінің киіз үйін жаңартамын деп Форт Шевченко арқылы Астрахан жеріне барып, киіз үй алып келе жатқан жерінде  қапияда көз жұмады. Сол жерде балықшылар тауып, белгісіз адам ретінде жерлейді. Кемеде болған адамдар мен балықшылар айтуы бойынша тумаластары белгі қойып кетеді. Батыр мәйіті 1993 жылда інілері  Шаншарбек, Тұрар, Нұрбек сынды азаматтардың  туған жері Тигенге анасының қасына жерленеді. 1994 жылы күмбез там тұрғызылып, ас беріледі. Батыр туралы жәдігерлер мен құжаттарды жинақтау қиын болды, себебі қиын қыстау кездерде көптеген деректер сақталмаған. Сондықтан музейде ұрпақтарының тұтынған бұйымдары, қарулас достары мен көз көргендердің естеліктері мен суреттері жинақталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

26 мамыр 2020
Ерліктерің ұрпақ есінде!

Ерліктерің ұрпақ есінде!Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске ...

09 мамыр 2020
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз - Ұлы Жеңістің мұрагеріміз» эстафета

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз - Ұлы Жеңістің мұрагеріміз» эстафетасы аясында өткізіліп о ...

09 мамыр 2020
Күмбірлеген күй-құдірет, күй — арман!

«Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласының негізінде Қазақ халқының біздің дəуірімізге ...

26 сәуір 2020