"Сөз бен Саз" бағдарламасы

24.04. 2019 жылы даңқы Қазақстанға жайылған "Сөз бен Саз" бағдарламасының 20 -сыншы концерті өтті. Бұл жолғы кеш патриоттық əндермен, отаншыл жырларға арналды. Маңғыстаудан шыққан кеңес одағының үш батырының бірі Исатай Сүйеубаевтың рухы ардақталды. Мектептің тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Каримова А.Б, Байболова М.Г, Тəлімгер: Уалиева Г.Ж ұйымдастыруымен мектебіміздің оқушыларын "Сөз бен саз" бағдарламасына алып барды. Жергілікті ақын жазушылардың əн кешіне мектебіміздің "Жол қозғалыс жас инспекторлар" жол сақшылар тобы жергілікті сазгердің əні "Тəртіпке бағынған құл болмайды" орындап əскери дефиле көрсетті. Бағдарламадан кейін əннің авторлары: композиторы: Гайнет Қуандықов, сөзін жазған: Анар Шамшадиновамен жол қозғалыс инпекторларымен кездесіп, танысып естелікке суретке түсті. Оқушылар сұхбаттасу барысында əннің шығу тарихымен танысты   





Мектепке жол

icon «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқорлыққа алынған балалардың қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну әрбір адамзаттың азаматтық парызы деп білеміз. Жыл сайын республика көлемінде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтіп жатыр. Осыған орай мектебімізде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ЖК «Г.Жиентаева», ЖШС «Ақтау Трансепт», ішкі саясат,  ЖШС «Мастер Тех», НКОК мекемесі, «Сбербанк России» банкі, «Сүйіндік ата» қоғамдық қайырымдылық қоры мен мектеп ұжымы  2-11 сынып аралығында 48 оқушыға, 1 сыныптар арасынан 12 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетіп балаларымызды бір қуантып тастады.Сонымен қатар,  «Луара» қоғамдық коры мектебіміздің көп балалы отбасыларының 10 баласына 2019-2020 оқу жылында «Хип-хоп» биіне тегін жолдамалар берді. Ендеше, көп болып арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.  

1 маусым - Балаларды қорғау күні!

icon1 маусым балалр күніне орай И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде бүлдіршіндерге эстафеталық жарыстар жүргізілді және асфальтта сурет салу ұйымдастырылды. Шара соңында балаларға балмұздақ, шар, чупа-чупстер таратылды 

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

iconТағы да бір оқу жылы аяқталып, мектебімізде дәстүр бойынша соңғы қоңырау салтанаты соғылды. Оқушылар бір жасқа есейіп, қызықты жазғы каникулға шықпақшы. Мектептің 47-түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасты. Жас түлектердің алдағы үлкен сыннан сүрінбей өтуіне тілектеспіз! 

«Жыр жебе» – Адай атада!

icon «Жыр жебе» – Адай атада! 24 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға мектебіміздің оқушылары қатысты. Кездесуде ақын Фархад Мусаев «ЖЫР ЖЕБЕ» атты айтыскер ақындар мектебінің шәкірттері: Жұмабай Мағжан Аманкелдіұлы, Саламатов Мейірбек Жәумітұлы, Сүйемов Алшын Қанбергенұлы, Сардар Ердәулет Бердіxанұлы, Қуаныш Жолдас, Қайырбек Теңел болды. Ақындар «құлмамбет айтыс» түрімен кезектесіп айтысты. Ақындар мен жыршылардың жырынан шабыты оянған мектебіміздің 9-сынып оқушысы, «Сазген» өнер мектебінің түлегі Рақымжан Жаңабаев өзі сұранып, көрермендер алдына шығып жырдан шашу шашты. Кәсіпорын атынан оқушымызға естелікке Маңғыстаулық ақын-жыраулардың жыр жинақтары тарту етілді. Оқушылар жақсы әсер алып, өнерге деген қызығушылықтары арта түсті. 

«Жер – ана» акциясы жалғасын табуда

icon «Жер – ана» акциясы жалғасын табуда. Мектебіміздің оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп эссе жазды және бірқатар оқушыларымыз ата-анасымен бірігіп мектеп жанына көшеттер отырғызды.  

"Сөз бен Саз" бағдарламасы

icon24.04. 2019 жылы даңқы Қазақстанға жайылған "Сөз бен Саз" бағдарламасының 20 -сыншы концерті өтті. Бұл жолғы кеш патриоттық əндермен, отаншыл жырларға арналды. Маңғыстаудан шыққан кеңес одағының үш батырының бірі Исатай Сүйеубаевтың рухы ардақталды. Мектептің тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Каримова А.Б, Байболова М.Г, Тəлімгер: Уалиева Г.Ж ұйымдастыруымен мектебіміздің оқушыларын "Сөз бен саз" бағдарламасына алып барды. Жергілікті ақын жазушылардың əн кешіне мектебіміздің "Жол қозғалыс жас инспекторлар" жол сақшылар тобы жергілікті сазгердің əні "Тəртіпке бағынған құл болмайды" орындап əскери дефиле көрсетті. Бағдарламадан кейін əннің авторлары: композиторы: Гайнет Қуандықов, сөзін жазған: Анар Шамшадиновамен жол қозғалыс инпекторларымен кездесіп, танысып естелікке суретке түсті. Оқушылар сұхбаттасу барысында əннің шығу тарихымен танысты  

«Жер – ана» акциясы

icon «Жер – ана» акциясы аясында оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту және табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында дүниежүзілік жер қорғау күні мен орыс тілі пәнін сабақтастыра отырып 6 а, ә,б сыныптары мектеп ауласына көшеттер отырғызды  

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»

iconДүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» тақырыбында спорттық сайыстар өткізілді. Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. 1- сыныптар арасында «Көңілді старт», 3- сыныптар арасында «Эстафеталық жарыс» 4,5,6 сыныптар аралығында ұлдар арасында «Футбол» сайыстары өткізілді. Балалар жақсы әсер алып, спортқа деген қызығушылықтары арта түсті. 

"Жол қозғалыс жас инспектор" жасағы шефтық көмек

iconМектебіміздің оқушылары 2019жылы Ғ.Ә.Байтасов "Жол қозғалыс жас инспектор" жасағы шефтық көмек ретінде №4 балабақшаның бүлдіршіндерімен кездесіп, жолда жүру ережелерімен таныстырды. Жолда жүру ережесін басшылыққа алып әртүрлі ойындар арқылы түсінік жұмыстарын жүргізді. 

«Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!»

icon 2019 жылдың 2-11 сәуірі аралығында «Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ  оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жөнінде «Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!» ұлттық бағдарламасын ұйымдастырып, өткізу жөніндегі іс-шара жоспары жасақталды. Жоспар бойынша мектебіміздің медбикесі Г.Қаржауова 1-4 сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану дегеніміз не?», 6-8 сынып оқушылары арасында «Тұздың пайдасы мен зияны» атты тақырыптарда бейнероликтер көрсету арқылы олардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелесіп,  9-11 сынып оқушылары арасында «Газдалған және қуатты сусындар», «Шылымқорлықтың алдын алу» атты тақырыптарда пікірталас сабақтарын өткізді.  

Соңғы жаңалықтар

Мектепке жол

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқо ...

03 қыркүйек 2019
1 маусым - Балаларды қорғау күні!

1 маусым балалр күніне орай И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде бүлдіршіндер ...

01 маусым 2019
Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Тағы да бір оқу жылы аяқталып, мектебімізде дәстүр бойынша соңғы қоңырау салтанаты соғылды. Оқушы ...

25 мамыр 2019
«Жыр жебе» – Адай атада!

«Жыр жебе» – Адай атада! 24 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, ...

29 сәуір 2019
«Жер – ана» акциясы жалғасын табуда

«Жер – ана» акциясы жалғасын табуда. Мектебіміздің оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп эссе жазды ...

26 сәуір 2019