«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» тақырыбында спорттық сайыстар өткізілді. Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. 1- сыныптар арасында «Көңілді старт», 3- сыныптар арасында «Эстафеталық жарыс» 4,5,6 сыныптар аралығында ұлдар арасында «Футбол» сайыстары өткізілді. Балалар жақсы әсер алып, спортқа деген қызығушылықтары арта түсті. 





«Өзіңді тану – өмірді тану» тақырыбында ашылу салтанаты

icon   03.02.2020ж күні Ақтау қаласындағы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 орта мектепте өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің «Өзіңді тану – өмірді тану» тақырыбында ашылу салтанаты болып өтті.  Онкүндіктің мақсаты: - Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу; - оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету; - оқушылардың өзін – өзі тәрбиелеу, өзін – өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;   Мектеп педагог – психологтары ,өзін-өзі тану пәні мұғалімдері –  Машарикова Г.Б.  және Бесімбаева Н.Б.  «Жүректен жүрекке» ізгі ниеттер, жүрекжарды тілектерімен  қарсы алды. Ұстаздар және оқушылар бір – біріне жақсы тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.  

Өзіне - өзі қызмет көрсету орталығы

iconМектебіміздің ата -аналарымен қызметкерлері үшін электрондық мемлекеттік қызметтерге «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының «e–gov» электрондық үкіметі порталы арқылы азамат ХҚКО-на бармай-ақ электрондық түрде қажетті құжатты алуға болатындығы жөнінде ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізілді. 

Адалдық адамдықтың белгісі

iconОқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тəрбиелеу мақсатында "Адалдық адамдықтың белгісі" тақырыбында біріңғай адалдық сабағы өткізілді. 

Ұжымдастар арасында мектепшілік тренинг

iconТопішілік ауызбіршілікті, ұжым ішінде психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында мектеп психологы Машарикова Г тренинг өткізді. Амандасу тренингінде дәстүрлі емес амандасу болды. "Құбыр" тренингі өткізіліп, ұжым арасында ауызбіршілік бар екендігі анықталды. Психологиялық тренинг соңында ұстаздар бір - бірлеріне жағымды сөздер мен  тілектерін айтты. 

Облыстық олимпиада

iconЖалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 9- сынып оқушысы Ахмет Асыл 3 орын алды. Жетекшісі: Қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Бекболатова Ляззат 

1-7 сынып оқушылары арасында республикалық "Зерде" зерттеу жұмыстарының шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі

icon1-7 сынып оқушылары арасында республикалық "Зерде" зерттеу жұмыстарының шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінен Жакыпова Мерей республикаға жолдама алды, Амантай Нұрай  2 орынға ие болды. Жетекшісі: Орыс тілі пәні мұғалімі Нугманова Шолпан

Қорғаншылық кеңес

icon

Қалалық олимпиада

iconБауыржанқызы Назгүл География пəнінен 3 - орын, Ахмет Асыл Қазақ тілі пəнінен 2 - орын,  Темірханова Динара Математика 3 -орын, Абдиева Несіп Қазақ тілі 3 -орын, Түзелбаева Мөлдір Орыс тілі пəні 3 - орын. Ахмет Асыл Қазақ тілі пəнінен облысқа жолдама алды. Сəттілік тілейміз. Жетістіктеріңіз көп болсын! 

"Зерде" республикалық шығармашылық жобалары

iconМектебімізден 15 оқушы қатысып, 7 оқушы жүлделі орын алды. Жамкен Рамазан  3 - орын, Булат Жанайым 3 - орын, Ануарова Нурай 3 - орын , Кожанбетова Аянат, Шернияз Әлішер Ынталандыру, Амантай Нұрай 1 - орын, Жакыпова Мерей 1- орын, Маратұлы Төре 3 - орын ,  Сарыбай Асылзада 3 - орын алды. Биіктерден көріне беріңіздер. Жакыпова Мерей, Амантай Нұрай облыстық кезеңге жолдама алды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні!

iconҚазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Президент күніне орай балалар өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік шара өткізілді. Балалар рухани азық алды 

Соңғы жаңалықтар

«Өзіңді тану – өмірді тану» тақырыбында ашылу салтанаты

  03.02.2020ж күні Ақтау қаласындағы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 орта мектепте өзін-өзі тану пәніне ...

03 ақпан 2020
Өзіне - өзі қызмет көрсету орталығы

Мектебіміздің ата -аналарымен қызметкерлері үшін электрондық мемлекеттік қызметтерге «Өзіне-өзі ...

23 қаңтар 2020
Адалдық адамдықтың белгісі

Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауғ ...

17 қаңтар 2020
Ұжымдастар арасында мектепшілік тренинг

Топішілік ауызбіршілікті, ұжым ішінде психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында мектеп псих ...

08 қаңтар 2020
Облыстық олимпиада

Жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 9- сынып оқушыс ...

07 қаңтар 2020