«Жер – ана» акциясы

«Жер – ана» акциясы аясында оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту және табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында дүниежүзілік жер қорғау күні мен орыс тілі пәнін сабақтастыра отырып 6 а, ә,б сыныптары мектеп ауласына көшеттер отырғызды

 





Қалалық "Үздік сынып жетекші-2019" байқауы

iconҚалалық "Үздік сынып жетекші-2019" байқауынан мектебіміздің математигі Налибаева Қарылғаш ІІ орын алды. Құттықтаймыз! Еңбегіне табыс тілейміз! 

"Ауғанның от- жалыны" атты жауынгер интернационалистермен кездесу кеші

iconАуған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған "Ауғанның от- жалыны" атты жауынгер интернационалистермен кездесу кеші өтті. Аудан соғысының ардагерлері-Акимов Нұрғазы, Тауменов Бисенбай, Нурумбетов Батырбек, Бабакулов Бақытжан қатысты. 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауған жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс - зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 10 жылға созылды. Бүгінгі таңда елімізде 10000-ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болсада лайықсыздар! Сіздердің Отан алдындағы жауапкершілігіктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын! Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс-шара болды. 

Облыстық музейде Ауған ардагерлерімен кездесу

iconОблыстық музейге мектебіміздің 8 Б, 10, 6 сынып оқушыларымен "Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толу" мерейтойына байланысты Ауған ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге қаламыздыңардагерлері Қаражанов М., Өтегенов Ж., Дүйсенбаев Қ.ағалар келді. кездесуде соғысқа аттанған кезінен бастап, соғыстағы кездері, жеңіспен оралған сәттерін естеріне алып, оқушылармен бөлісті. Музеймен біріккен кездесу оқушылар үшін өте әсерлі өтті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген көптеген сауалдарына жауап ала алды. 

Ауған жеріне соғысқа қатысқан ардагеріміз, мектебіміздің түлегі А. А. Кучеренко ұшқыш-батыр

iconАуған жеріне соғысқа қатысқан ардагеріміз, мектебіміздің түлегі Андрей Александрович Кучеренко батырымыз туралы ақпаратты түстен кейін оқитын оқушыларға да жеткізді. Ол ұшқыш, 154 тапсырманы орындау кезінде ерлікпен қаза тапты. Кучеренко ерлігі мәңгі есімізде. 

Кеңес əскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 30 жыл

iconКеңес əскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 30 жыл толуына орай 11-15 ақпан аралығында мектепішілік іс-шаралар жоспарланды. Бүгін оқушыларға мектебіміздің түлегі ұшқыш батыр  А.А. Кучеренконың өмірінен деректер айтылды.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия

icon2019 жылдың 8 ақпанда 5 Б сынып оқушылары Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Жарияланбаған соғыс" атты жылжымалы көрмесіне экскурсияға барды. Оқушылар көрмеден жақсы әсер алды. Ауған соғыс ардагерлерінің ерлігін мақтан ету және оларды қадірлеп құрметтеу керек екендігін ұғынды. 

Үздік сынып жетекші-2019

icon"Үздік сынып жетекші-2019" мектепішілік байқауы өтті. Тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық зертханасын айқындау арқылы тәрбие жүйесіндегі озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату негізінде өткен байқауға қатысқан сынып жетекшілердің ішінен Налибаева Қарылғаш озып шықты. Қалалық байқауға жолдамаалды. 

Каратэ шинкиокушинкайдан жеңіспен оралды

icon Атырау қаласында Жас батыр cup каратэ шинкиокушинкайдан жарыс өтті. Мектебімізден оқушылар қатысып жүлделі орындарды иеленді. Молдабек Аятхан, Сакен Жұбан, Мырзабеков Ерсинбек, Чынбай Мадияр сынды шəкірттеріміз ІІІ орынмен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!  

«Алтын жүрек анамыз!» мəнерлеп оқу сайысы

icon«Өзін – өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасының негізінде тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастарды адамгершілік – рухани тұрғысынан жетілдіру мақсатында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында оқушылар арасында қалалық «Алтын жүрек анамыз!» тақырыбында мəнерлеп оқу сайысында мектебіміздің 8 сынып оқушысы Бауыржанқызы Назгул II орын иеленді. Жетекшісі- Бердіханова Сəндігул.Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! 

«Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі

icon«Өзін – өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасының негізінде тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастарды адамгершілік – рухани тұрғысынан жетілдіру мақсатында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі басталды. Бүгін аталған шара аясында №14 жалпы білім беру орта мектебі базасында оқушылар арасында «Ән көңілдің ажары» тақырыбында ән байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 6 сынып оқушысы Садуақас Дильназ III орын иеленді. Жетекшісі Баян Нұрымова.Өнерпаз оқушымыздың өнері өрге жүзгей. 

Соңғы жаңалықтар

«Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» ата-аналар жиналысы

2020ж 2 сәуірде сағат 10:00-де мектеп алды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12:00-де 5-9сыныптар, сағат 14:0 ...

02 сәуір 2020
Инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекцияланды

И. Сүйеубаев атындағы 8 жалпы білім беру орта мектебі инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекция ...

17 наурыз 2020
«Коронавирус» індеті

16 наурыз күні президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын сәтті ел болып еңсе тіктеп, с ...

17 наурыз 2020
Короновирустан қорғанудың жолдары

Мектептің барлық қызметкерлеріне Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығының маман ...

05 наурыз 2020
«Ауғанның от жалынын кешкендер»

2020 жылдың 13 ақпанында Ақтау қаласы «Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде ...

17 ақпан 2020