«Жер – ана» акциясы

«Жер – ана» акциясы аясында оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту және табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында дүниежүзілік жер қорғау күні мен орыс тілі пәнін сабақтастыра отырып 6 а, ә,б сыныптары мектеп ауласына көшеттер отырғызды

 





Адамшылықтың шуағы сөнбесін

iconМектепте Махаббат-пен шығармашылық педагогикасы "Адамшылықтың шуағы сөнбесін" тақырыбында қыздар жиналысы өтті. 

"Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам" апталығы

icon Мектебімізде "Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам" атты бастауыш сынып оқушыларының апталығы өте жоғарғы деңгейде өтті.  

Ақтау қалалық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің тәрбиеленушілеріне арналған «Жүректен-жүрекке» атты шара өткізілді.

icon«Балалық шақ-мейірімділік мекені» ұранымен «Зорлық-зорлықсыз балалық шақ» Республикалық-ақпараттық науқанының мектепішілік іс-шарасының жоспары аясында  22.01.2019 ж күні «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылып,өткізілді.Бұл жәрмеңкеден түскен қаражатты балалар бірауыздан қайырымдылық акциясына береміз деп шешті. Айлық  аясында Ақтау қалалық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің тәрбиеленушілеріне  арналған «Жүректен-жүрекке» атты шара өткізілді.Бұл шараның мақсаты адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі мейірімділік туралы жан-жақты ой қозғап,оқушылардың өнерлерін таныстыру арқылы тамашалау. Өткізілген шара барысында оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнап,ән шырқалып,би биленді.6 «Ә» сыныбының жас әртістері қойған «Шалқан» ертегісі барлық көрермендердің жүрегінен әдемі орын таба білді.Мектебіміздің ұстаздары да өз өнерлерін кішкентай көрермендермен бөлісті.Сайқымазақтар «ерекше» балалармен тіл табыса білді.22.01.2019 ж күні өткізілген жәрмеңкеден түскен қаржымен кішкентай болса да естелік ретінде келген қонақ балаларға сыйлық үлестірілді.6 «Ә» сыныбының оқушыларынан құралған «Еріктілер» тобы  шарада асқан белсенділік танытты.6 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі Ш.Х.Нугманова,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Б.Каримова мен М.Ғ.Байболова,мектебіміздің әлеуметтік педагогі Ж.Т.Тасуова,мектеп тәлімгері Г.Ж.Уалиеваның  ұйымдастыруымен өткен шара өте жоғары дәрежеде өтті. «Адам баласынан мейірім қашса,жер бетінен жақсылық қашады » деген екен данышпан  халқымыз.Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп,әркез жақсылық жасағысы келіп тұрады.Жүректен -жүрекке жылылығымыз жете берсін! 

«Отбасы –бақыт ұясы» үнпарақтар таратылды

icon«Отбасы –бақыт ұясы» тақырыбында 6-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен көшеге шығып, үнпарақтар таратты.Үнпарақтарды тарату мақсаты-барлық отбасының бақытты болуға құқылы екенін, тәрбиеленген баланың бақыт бесігінде тербелуі керек екендігі, ата-ана тарапынан өз балаларына үлгі болу және көңіл бөлу керектігі. 

«Мейірімділік –асыл қасиет» мектепішілік жәрмеңке

icon«Мейірімділік –асыл қасиет» 5-11 сыныптар аралығында мектепішілік жәрмеңке өтті. Оқушылар өздерінің қолымен пісірілген тағамдарды сатып, түскен ақшаны қайырымдылыққка берді. 

Математика,физика жəне информатика апталығы

icon14-18 қаңтар аралығында мектебімізде математика,физика жəне информатика апталығы өтті.Мақсаты: математика,физика жəне информатика пəндерінен сыныптан тыс іс-шараларда оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін қолдана отырып, оқушылардың пəнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой- өрістерін дамыту. Апталық кезінде пəн мұғалімдері əр түрлі бағытта шаралар өткізді.Апталық қорытындысында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. 

Қала әкімінің шыршасы

iconБүгінгі қала əкімінің шыршасына мектебімізден 7 оқушы қатысты. Мерекелік бағдарлама, ертегілер қойылымы болды. Кеш соңында балаларға сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, мектеп асханасының меңгерушісі ЖК Г. Жиентаева азқамтылған отбасындағы 20 оқушыны тəтті сыйлықтарымен қуантты. 

"Айгөлек-2" республикалық өнер байқауы

icon"Айгөлек-2" республикалық өнер байқауына қатысып жүлделі орын алған ұстаздарымызбен оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 

Каратэ до кекушинкайдан жеңімпаздар

iconҮстіміздегі жылдың 22-23 желтоқсанында Мұнайшы спорт кешенінде каратэ до кекушинкайдан Облыстық ашық чемпионат өтті. Осы сайыста Молдабек Аятхан, Ниятов Мадияр, Мырзабеков Ерсінбек сынды оқушыларымыз ІІІ орын иеленсе, Бимырза Айдос "За волю к победе" медалімен марапатталды. Жетекшісі Сайлаубаев Асхат пен оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 

Президент шыршасы

iconХан-Шахар салтанат сарайында өткен Президент шыршасына мектебімізден 5-сынып оқушылары Бейбіт Манарбек жəне Нұрланқызы Əмина қатысты. Президенттен көптеген сыйлықтар: ашық хаттар, кітаптар, телефон, қыстық киімдер алды. Балалар ерекше қуанышты қайтты. 

Соңғы жаңалықтар

«Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» ата-аналар жиналысы

2020ж 2 сәуірде сағат 10:00-де мектеп алды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12:00-де 5-9сыныптар, сағат 14:0 ...

02 сәуір 2020
Инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекцияланды

И. Сүйеубаев атындағы 8 жалпы білім беру орта мектебі инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекция ...

17 наурыз 2020
«Коронавирус» індеті

16 наурыз күні президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын сәтті ел болып еңсе тіктеп, с ...

17 наурыз 2020
Короновирустан қорғанудың жолдары

Мектептің барлық қызметкерлеріне Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығының маман ...

05 наурыз 2020
«Ауғанның от жалынын кешкендер»

2020 жылдың 13 ақпанында Ақтау қаласы «Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде ...

17 ақпан 2020