«Жер – ана» акциясы

«Жер – ана» акциясы аясында оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту және табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында дүниежүзілік жер қорғау күні мен орыс тілі пәнін сабақтастыра отырып 6 а, ә,б сыныптары мектеп ауласына көшеттер отырғызды

 





Жас жол сақшылары

iconАқтау қаласы көлемінде қараша айының 12-18 арасында өткен "Қауіпсіз жол жүрісі апталығы" шарасына мектебіміздің жол қозғалыс жас инспекторларының "Жол сақшысы" тобы өз үлестерін қосты. 

Ақынмен кездесу

icon"Балаға жыр арнау - бақытым" тақырыбында жергілікті  балалар ақыны,  сазгер,  Қазақстан білім беру ісінің үздігі,  күйші Көмек Ыбраймен 4 - сынып оқушылары кездесті. Балаларға таныстыру,  дәріптеу мақсатындағы кездесу жоғары дəрежеде өтті. 

Шахмат спартакиадасында - І орын

iconАқтау қалалық мерекесіне орай  жалпы білім беру орта мектептерінің арасында шахматтан қалалық мұғалімдер спартакиадасы Марабаев атындағы 7 мектеп лицейінде өтті. Шахмат өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып өз мәресіне жетті.  Қалалық әр мектептен үш мұғалімнен қатысып, спартакиада шарттарын толықтай қамтып, жарыстың ұйымдастырылуына қолайлы жағдай жасалған. Соның дәлелі И.Сүйеубаев атындағы 8 орта мектеп 1 - орынды иеленді. Осындай тамаша спартакиада жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді. 

Көрікті қалама саяхат

iconРухани жаңғыру "Туған ел-туған жер" бағдарламасы бойынша туған өлкенің көрікті жерлерін оқушыларға насихаттау мақсатында, күзгі демалыс кезінде 5,6 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен 4-шағын аудандағы теңіз жағалауында жасақталған жартасты соқпаққа экскурсия жасады.Оқушыларға таза ауда серуендеген ұнады. 

Күзгі демалыста мұражайға саяхат

iconКүзгі демалыста Рухани жаңғыру болашаққа бағдар бағдарламасы аясында 7- сынып оқушылары #7 мектеп-лицейіндегі Н.Ə. Марабаев, 9 - сынып оқушылары #22 орта мектептегі Серікбол Қондыбай мұражайына саяхаттады. Оқушылар Н.Ə. Марабаевтың өмір жолы, еңбектері, жеткен жетістіктері, қызметтері, отбасы жайлы мағұлматтар алды. С. Қондыбай аталарының аз ғұмырында қазақтың тарихи санасын қалыптастыруда биік мақсат қойып, ұлттық мүддені қорғауда орасан зор еңбек еткенін ұғынды. 

Мұражай тарих- айнасы

iconКүзгі демалысты өткізу жоспары бойынша 1-2 сынып оқушылары И. Сүйеубаев мұражайына саяхат жасады. Ленин орденді батыр бабаларының естеліктерімен танысты. 

"Таза ауа.Таза аула." акциясымен сенбілік

iconОқушылар күзгі демалысқа шығуларына байланысты "Таза ауа.Таза аула." акциясымен 4-11 сыныптар арасында сенбілік өткізді. 

«Жақсылық – жан шуағы» қайырымдылық акциясы

iconМектебімізде 25.10.2018 жылы «Жақсылық – жан шуағы» тақырыбымен қайырымдылық акциясы ретінде жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкенің  мақсаты – жақсылық жасау арқылы балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.  

Республикалық ата-аналар конференциясы

icon Бүгін мектебімізде "ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол" атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті.  Мектеп директоры ҚР отбасы күнімен құттықтап, сөз сөйледі. Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп психологы мектеппен ата-ана арасында тығыз байланыс болу керек, қандай жағдайдада көмектесуге əзір екендіктерін жеткізді. Ата-аналарға информатика пəні мұғалімі www.bilimland.kz сайтына тіркеліп, өз балаларының сабағын бірге қадағалауға шақырды. Сонымен қатар, керексіз сайттарға антивирустар арқылы бұғаттар қоюға болатынын жеткізді.  Бүгінгі конференция бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына үлкен психологиялық көмек  болды. 

Ұстаз - ұлағатты ұғым

iconӘр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. 

Соңғы жаңалықтар

«Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» ата-аналар жиналысы

2020ж 2 сәуірде сағат 10:00-де мектеп алды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12:00-де 5-9сыныптар, сағат 14:0 ...

02 сәуір 2020
Инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекцияланды

И. Сүйеубаев атындағы 8 жалпы білім беру орта мектебі инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекция ...

17 наурыз 2020
«Коронавирус» індеті

16 наурыз күні президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын сәтті ел болып еңсе тіктеп, с ...

17 наурыз 2020
Короновирустан қорғанудың жолдары

Мектептің барлық қызметкерлеріне Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығының маман ...

05 наурыз 2020
«Ауғанның от жалынын кешкендер»

2020 жылдың 13 ақпанында Ақтау қаласы «Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде ...

17 ақпан 2020