
«Коронавирус» індеті
16 наурыз күні президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын сәтті ел болып еңсе тіктеп, сабырлылықпен көтеріп, шыдамдылықпен жеңуге үндеу тастады. Сабырлылық -- адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет. Пендеміз ғой, басымызда неше түрлі жағдаяттар кездесіп жатады. Сондай кездерде сабыр сақтап, шыдамдылық танытсақ, бәрін де жеңе аламыз.
Құрметті ата-аналар, оқушылар, әрбіреуіңіздің амандықтарыңыз бен саулықтарыңызға ұстаздар қауымы бей-жай қарай алмайды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, ертең жарқын күндеріміз қайта туады. Уақытша қиындықты бірлесе жеңеміз. Қазақстан Республикасы бойынша Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде әрбіреуіңіз жауапкершілікпен берілген тапсырманы орындайды деген сенімдемін.
«Коронавирус» індеті әлем елдеріне қауіп төндіруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан жаңа коронавирустың өршуін халықаралық маңыздағы төтенше жағдай деп танып, коронавирус инфекциясы пандемия деп жарияланды.
Пандемия – бір елдің тұтас аумағын, іргелес мемлекеттерді, кейде тіпті дүниежүзінің көп елін қамтитын айрықша күшті инфекцияның таралуы болып табылады.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі барлық қоғамдық шараларды тоқтату туралы бірқатар нақты тапсырмалар беріп, қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін.
2. Төтенше жағдайдың кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және оған «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктер берілсін.
3. Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде мынадай шаралар және уақытша шектеулер енгізілсін:
1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
2) ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын;
3) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатыла тұрсын;
4) карантин енгізілсін, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырылсын;
5) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, атаулы іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін.
Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Ерліктерің ұрпақ есінде!Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары.Ұлы Отан соғысының тарихынан лайықты орын алған Маңғыстаулық батырларымызды атасақ, олар Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Исатай Сүйеубаев, Біләл Қалиев.Исатай Сүйеубаев 1913 жылы Маңғыстау ауданы Тиген жерінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған даңқты жауынгер.
: https://youtu.be/_0ju9M-n558
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз - Ұлы Жеңістің мұрагеріміз» эстафета
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз - Ұлы Жеңістің мұрагеріміз» эстафетасы аясында өткізіліп отырған «Ән-рух, ән-қуат,ән-көңіл, ән-естелік» тақырыбында қала мектептері арасында өткізіліп жатқан эстафетаны «И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі»КММ Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінен қабыл алдық. Әрі қарай эстафетаны №9 ЖББОМ жолдаймыз.: https://youtu.be/uDclVQgvxzQ
Күмбірлеген күй-құдірет, күй — арман!
«Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласының негізінде Қазақ халқының біздің дəуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы - күй өнерін сақтай отырып , Ұрпақтан -ұрпақка жалғасып дамып келе жатқан музыка, дәстүрлі мұра 100 күй жобасы аясында «Күмбірлеген күй-құдірет, күй — арман» такырыбында» ала мектептер арасында өтіп жаткан эстафетаныН.Марабаев атынағы №7 мектеп лицейінен "И. Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі" қабыл алдық.№9ЖББОМ жолдаймыз Күй сені тәтті көрем жаным сүйіп, Тындаймын тыным алмай, жаным күйіп. Өмірдің сырын ашып жүрегіме, Күйшінін әміріне басымды иіп!: https://youtu.be/1sgXQc8bLIE

«Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» ата-аналар жиналысы

Инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекцияланды


Короновирустан қорғанудың жолдары

«Ауғанның от жалынын кешкендер»

Соңғы жаңалықтар

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...
26 мамыр 2020
Ерліктерің ұрпақ есінде!Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске ...
09 мамыр 2020
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз - Ұлы Жеңістің мұрагеріміз» эстафетасы аясында өткізіліп о ...
09 мамыр 2020
«Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласының негізінде Қазақ халқының біздің дəуірімізге ...
26 сәуір 2020
Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz