1-7 сынып оқушылары арасында республикалық "Зерде" зерттеу жұмыстарының шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі





«Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» ата-аналар жиналысы

icon2020ж 2 сәуірде сағат 10:00-де мектеп алды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12:00-де 5-9сыныптар, сағат 14:00-де 10-11 сыныптар ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» жиналысы өткізілді. «Ата-аналар әлемде  болып жатқан жағдайға байланысты қазіргі таңда бірден шешім қабылдап, болып  жатқан өзгерістерге жылдап икемделу қажеттілігі туындап отыр. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер күрделі мәселелерді шешуде. Дәстүрлі түрдегі сабақтан қашықтықтан оқытуға ауысудамыз. Бұл біздің оқушыларымыз және ұстаздарымыз үшін жаңа тәжірибе. Сондықтан ата-аналар сіздердің тараптарыңыздан қолдау біз үшін өте маңызды! Қашықтықтан оқу балалардан ерекше жоғары ынтаны қажет етеді. Себебі, олардың жанында қадағалап, бағыт-бағдар беріп тұратын апайлары жоқ, бірақ балаларыңыздың қасында сіздер барсыздар. «Біз балаларымыз үшін не істей аламыз?» Сіздер балаларыңызды  қашықтықтан оқуы үшін керекті гаджет, смартфон сияқты арнайы құрылғылармен қамтамасыз етіңіз. Бұл деген сіздің әр балаңыздың қолында гаджет, смартфон болуы міндет деген сөз емес. Балаларыңыз кезектесіп, белгіленген уақытта қашықтықтан оқыту процесіне қатыса алады. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ – аз мөлшердегі онлайн сабақ және көп мөлшердегі баланың жеке оқуы. Біздің алдағы уақытта қашықтықтан оқыту барысында қолданатын негізгі платформамыз mektep.edu whatsapp желілері,  қажет болған жағдайда zoom желісінде қолданатындығымыз туралы мәліметтер айтылды.  

Инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекцияланды

iconИ. Сүйеубаев атындағы 8 жалпы білім беру орта мектебі инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекцияланды

«Коронавирус» індеті

icon16 наурыз күні президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын сәтті ел болып еңсе тіктеп, сабырлылықпен көтеріп, шыдамдылықпен жеңуге үндеу тастады. Сабырлылық -- адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет. Пендеміз ғой, басымызда неше түрлі жағдаяттар кездесіп жатады. Сондай кездерде сабыр сақтап, шыдамдылық танытсақ, бәрін де жеңе аламыз. Құрметті ата-аналар, оқушылар, әрбіреуіңіздің амандықтарыңыз бен саулықтарыңызға ұстаздар қауымы бей-жай қарай алмайды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, ертең жарқын күндеріміз қайта туады. Уақытша қиындықты бірлесе жеңеміз. Қазақстан Республикасы бойынша Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде әрбіреуіңіз жауапкершілікпен берілген тапсырманы орындайды деген сенімдемін. «Коронавирус» індеті әлем елдеріне қауіп төндіруде. Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан жаңа коронавирустың өршуін халық­аралық маңыздағы төтенше жағдай деп танып, коронавирус инфекциясы пандемия деп жарияланды. Пандемия – бір елдің тұтас аума­ғын, іргелес мемлекеттерді, кейде тіпті дүниежүзінің көп елін қамтитын айрықша күшті инфек­цияның таралуы болып табылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі барлық қоғамдық шараларды тоқтату туралы бірқатар нақты тапсырмалар беріп, қаулы қабылдады. Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін. 2. Төтенше жағдайдың кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және оған «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктер берілсін. 3. Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде мынадай шаралар және уақытша шектеулер енгізілсін: 1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін; 2) ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын; 3) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатыла тұрсын; 4) карантин енгізілсін, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырылсын; 5) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, атаулы іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын; 6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін. 

Короновирустан қорғанудың жолдары

iconМектептің барлық қызметкерлеріне Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығының маманы Мұстафаева М.С короновирустан қорғану жолдары туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.  Короновирустан қорғану әдістері: 1. Қол гегиенасын ұстаныңыз. Қолды сабынмен жиі жуыңыз және қолды дезинфекциялау құралдары жөтелгеннен, түшкіргеннен кейін қолданыңыз. Тамақ әзірлеудің алдында, сондай-ақ науқастардың жеке заттарын қолданған жағдайда 2. Көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз. 3. Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіңіз 4. Ауырып жүрген адамдардан және олардың заттарына жанасудан аулақ болыңыз, байланысқа түскен жағдайда бетпердемен қорғаныңыз. 5. Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз мен мұрынды жабу үшін майлықтарды пайдаланыңыз, содан кейін оларды қоқысқа тастаңыз және қолды мұқият жуыңыз 6. Жалпы жақсы гигиеналық әдеттерді ұстаныңыз 7. Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданар алдында мұқият жуыңыз 8. Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтаныңыз, дене шынығумен айналысыңыз және толыққанды сегіз сағат ұйықтаңыз 

«Ауғанның от жалынын кешкендер»

icon2020 жылдың 13 ақпанында Ақтау қаласы «Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде» Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толуына орай «Ауғанның от жалынын кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері жауынгер-интернационалистер шақырылды: Абишев Ходжанияз Танауевич және Токсамбаев Адилбек Габдуллаевич. 

Ағылшын тілі апталығы

icon"Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектепте" 10.02-14.02.2020ж аралы ағылшын тілі пәні апталығы болып өтті.12.02.2020ж ағылшын тілі мұғалімдері Өмірзақова Д. , Шыңғыс А. "Who is quickly?" тақырыбында 7-8 сыныптар арасында сайыс сабақтарын өткізді.13.02.2020ж ағылшын тілі мұғалімдері Абилхасова М. , Онайбаева Ж. , Тилегенова К. АКТ залда "Abay's 175th Anniversary" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен презентация өткізді.14.02.2020ж апталықтың жабылуы болды. Апталыққа белсене қатысқан және жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. 4-7 сынып оқушылары үш тілде хор айтты. Әр сынып ағылшын тілі пәні бойынша қабырға газеттерін шығарды. 

«Мейірімділік – асыл қасиет» атты сахналық қойылым

icon«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің іс шаралар жоспары аясында 8 сынып оқушылары «Мейірімділік – асыл қасиет» атты сахналық қойылым көрсетті. Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, шараны дайындықпен өткізді. Сахналық қойылымға оқушылар 5 құндылық, әке мен бала арасындағы сүйіспеншілік, қиянат жасамау жөнінде қойылымдар көрсетті. Қойылым соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. 

«Өзіңді тану – өмірді тану» тақырыбында ашылу салтанаты

icon   03.02.2020ж күні Ақтау қаласындағы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 орта мектепте өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің «Өзіңді тану – өмірді тану» тақырыбында ашылу салтанаты болып өтті.  Онкүндіктің мақсаты: - Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу; - оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету; - оқушылардың өзін – өзі тәрбиелеу, өзін – өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;   Мектеп педагог – психологтары ,өзін-өзі тану пәні мұғалімдері –  Машарикова Г.Б.  және Бесімбаева Н.Б.  «Жүректен жүрекке» ізгі ниеттер, жүрекжарды тілектерімен  қарсы алды. Ұстаздар және оқушылар бір – біріне жақсы тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.  

Өзіне - өзі қызмет көрсету орталығы

iconМектебіміздің ата -аналарымен қызметкерлері үшін электрондық мемлекеттік қызметтерге «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының «e–gov» электрондық үкіметі порталы арқылы азамат ХҚКО-на бармай-ақ электрондық түрде қажетті құжатты алуға болатындығы жөнінде ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізілді. 

Адалдық адамдықтың белгісі

iconОқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тəрбиелеу мақсатында "Адалдық адамдықтың белгісі" тақырыбында біріңғай адалдық сабағы өткізілді. 

Соңғы жаңалықтар

«Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» ата-аналар жиналысы

2020ж 2 сәуірде сағат 10:00-де мектеп алды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12:00-де 5-9сыныптар, сағат 14:0 ...

02 сәуір 2020
Инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекцияланды

И. Сүйеубаев атындағы 8 жалпы білім беру орта мектебі инфекцияның алдын алу мақсатында дизенфекция ...

17 наурыз 2020
«Коронавирус» індеті

16 наурыз күні президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын сәтті ел болып еңсе тіктеп, с ...

17 наурыз 2020
Короновирустан қорғанудың жолдары

Мектептің барлық қызметкерлеріне Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығының маман ...

05 наурыз 2020
«Ауғанның от жалынын кешкендер»

2020 жылдың 13 ақпанында Ақтау қаласы «Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде ...

17 ақпан 2020