Отбасы - бақыт мекені!

Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019-2020 оқу  жылында  «Отбасы – бақыт мекені »тақырыбында республикалық апталықтың  мектепішілік іс-шара жоспары жасақталып ,жүргізілді.Апталықтын мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу және бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.Оқушылар бойына ата — анаға деген құрметін арттыру, жылылықты ұялату. Ата-анасының адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.«Отан отбасынан басталады » тақырыбында 6-8 сыныптар арасында спорттық жарыс  өтті  

Ата — анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру мақсатында «Ата –ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы » тақырыбында  10 сыныптар арасында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

 





Адалдық сағаты

iconМектебімізде бірыңғай жалпы - республикалық "Адалдық сағаты" өткізілді. Мақсаты: Өскелең  жас ұрпақтың бойында адалдық,парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге  және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.   4- сыныптар арасында танымдық сабақ болып өтті. 9-10-11 сыныптар арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" - тақырыбында  топтық жұмыс өткізілді. Балаларға әртүрлі сұрақтар қойылып толық жауап алынды. Осы тақырыпта бейнежазбалар көрсетіліп, балалар бейнежазбадағы оқиғаны сипаттап берді. Мектебімізде  өткен адалдық сағатына Маңғыстау облыстық "Адалдық алаңы" жоба кеңсенің мүшелері: Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің  Маңғыстау облысы бойынша департаменті алдын алу және парасаттылық басқармасы бас маманы Шаиденова Аружан Мирамеденқызы - " Nur Otan" партиясы жанындағы Маңғыстау облыстық  "Jas Otan" ЖҚ төрағасының орынбасары қатысты. Бүгінгі өткізілген "Адалдық сағатына" мектебіміздің 343 оқушысы  қамтылды.

Отбасы - бақыт мекені!

icon

Мектепке жол

icon «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқорлыққа алынған балалардың қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну әрбір адамзаттың азаматтық парызы деп білеміз. Жыл сайын республика көлемінде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтіп жатыр. Осыған орай мектебімізде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ЖК «Г.Жиентаева», ЖШС «Ақтау Трансепт», ішкі саясат,  ЖШС «Мастер Тех», НКОК мекемесі, «Сбербанк России» банкі, «Сүйіндік ата» қоғамдық қайырымдылық қоры мен мектеп ұжымы  2-11 сынып аралығында 48 оқушыға, 1 сыныптар арасынан 12 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетіп балаларымызды бір қуантып тастады.Сонымен қатар,  «Луара» қоғамдық коры мектебіміздің көп балалы отбасыларының 10 баласына 2019-2020 оқу жылында «Хип-хоп» биіне тегін жолдамалар берді. Ендеше, көп болып арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.  

1 маусым - Балаларды қорғау күні!

icon1 маусым балалр күніне орай И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде бүлдіршіндерге эстафеталық жарыстар жүргізілді және асфальтта сурет салу ұйымдастырылды. Шара соңында балаларға балмұздақ, шар, чупа-чупстер таратылды 

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

iconТағы да бір оқу жылы аяқталып, мектебімізде дәстүр бойынша соңғы қоңырау салтанаты соғылды. Оқушылар бір жасқа есейіп, қызықты жазғы каникулға шықпақшы. Мектептің 47-түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасты. Жас түлектердің алдағы үлкен сыннан сүрінбей өтуіне тілектеспіз! 

«Жыр жебе» – Адай атада!

icon «Жыр жебе» – Адай атада! 24 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға мектебіміздің оқушылары қатысты. Кездесуде ақын Фархад Мусаев «ЖЫР ЖЕБЕ» атты айтыскер ақындар мектебінің шәкірттері: Жұмабай Мағжан Аманкелдіұлы, Саламатов Мейірбек Жәумітұлы, Сүйемов Алшын Қанбергенұлы, Сардар Ердәулет Бердіxанұлы, Қуаныш Жолдас, Қайырбек Теңел болды. Ақындар «құлмамбет айтыс» түрімен кезектесіп айтысты. Ақындар мен жыршылардың жырынан шабыты оянған мектебіміздің 9-сынып оқушысы, «Сазген» өнер мектебінің түлегі Рақымжан Жаңабаев өзі сұранып, көрермендер алдына шығып жырдан шашу шашты. Кәсіпорын атынан оқушымызға естелікке Маңғыстаулық ақын-жыраулардың жыр жинақтары тарту етілді. Оқушылар жақсы әсер алып, өнерге деген қызығушылықтары арта түсті. 

«Жер – ана» акциясы жалғасын табуда

icon «Жер – ана» акциясы жалғасын табуда. Мектебіміздің оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп эссе жазды және бірқатар оқушыларымыз ата-анасымен бірігіп мектеп жанына көшеттер отырғызды.  

"Сөз бен Саз" бағдарламасы

icon24.04. 2019 жылы даңқы Қазақстанға жайылған "Сөз бен Саз" бағдарламасының 20 -сыншы концерті өтті. Бұл жолғы кеш патриоттық əндермен, отаншыл жырларға арналды. Маңғыстаудан шыққан кеңес одағының үш батырының бірі Исатай Сүйеубаевтың рухы ардақталды. Мектептің тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Каримова А.Б, Байболова М.Г, Тəлімгер: Уалиева Г.Ж ұйымдастыруымен мектебіміздің оқушыларын "Сөз бен саз" бағдарламасына алып барды. Жергілікті ақын жазушылардың əн кешіне мектебіміздің "Жол қозғалыс жас инспекторлар" жол сақшылар тобы жергілікті сазгердің əні "Тəртіпке бағынған құл болмайды" орындап əскери дефиле көрсетті. Бағдарламадан кейін əннің авторлары: композиторы: Гайнет Қуандықов, сөзін жазған: Анар Шамшадиновамен жол қозғалыс инпекторларымен кездесіп, танысып естелікке суретке түсті. Оқушылар сұхбаттасу барысында əннің шығу тарихымен танысты  

«Жер – ана» акциясы

icon «Жер – ана» акциясы аясында оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту және табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында дүниежүзілік жер қорғау күні мен орыс тілі пәнін сабақтастыра отырып 6 а, ә,б сыныптары мектеп ауласына көшеттер отырғызды  

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»

iconДүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» тақырыбында спорттық сайыстар өткізілді. Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. 1- сыныптар арасында «Көңілді старт», 3- сыныптар арасында «Эстафеталық жарыс» 4,5,6 сыныптар аралығында ұлдар арасында «Футбол» сайыстары өткізілді. Балалар жақсы әсер алып, спортқа деген қызығушылықтары арта түсті. 

Соңғы жаңалықтар

Адалдық сағаты

Мектебімізде бірыңғай жалпы - республикалық "Адалдық сағаты" өткізілді. Мақсаты: Өскелең  жас ұрпа ...

06 қараша 2019
Мектепке жол

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқо ...

03 қыркүйек 2019
1 маусым - Балаларды қорғау күні!

1 маусым балалр күніне орай И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде бүлдіршіндер ...

01 маусым 2019
Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Тағы да бір оқу жылы аяқталып, мектебімізде дәстүр бойынша соңғы қоңырау салтанаты соғылды. Оқушы ...

25 мамыр 2019