Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Тағы да бір оқу жылы аяқталып, мектебімізде дәстүр бойынша соңғы қоңырау салтанаты соғылды. Оқушылар бір жасқа есейіп, қызықты жазғы каникулға шықпақшы. Мектептің 47-түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасты. Жас түлектердің алдағы үлкен сыннан сүрінбей өтуіне тілектеспіз! 





Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні!

iconҚазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Президент күніне орай балалар өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік шара өткізілді. Балалар рухани азық алды 

23 қараша - Жалпы адамзаттық Құндылықтар күні

icon23 қараша - Жалпы адамзаттық Құндылықтар күнін атап өту мақсатында рухани адамгершілік әлеуметін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытында іс- шаралар өтті. "Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы өмірі жүректе" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді, Сүйіспеншілік шынайы өмір тақырыбында "Эссе", "Рухани жаңғыру- туған жер тұтастығы мен ел болашағы" тақырыбында ашық сабақ, "Сүйіспеншілік" тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. 

Бала құқығы - адам құқығы

iconОқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында  дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы - адам құқығы" тақырыбында мектепшілік іс - шаралар өткізілді. 1-11 сыныптар арасында "Қазіргі және болашақ балалар үшін қорғалған балалалық шақ " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 6 - сыныптар арасында "Отбасындағы зорлық-зомбылықты ақтап шығаруға жол жоқ"тақырыбында таратпа қағаздар таратылды. Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен " Қатыгездіксіз және зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тренингтер өткізілді.   

Адалдық сағаты

iconМектебімізде бірыңғай жалпы - республикалық "Адалдық сағаты" өткізілді. Мақсаты: Өскелең  жас ұрпақтың бойында адалдық,парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге  және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.   4- сыныптар арасында танымдық сабақ болып өтті. 9-10-11 сыныптар арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" - тақырыбында  топтық жұмыс өткізілді. Балаларға әртүрлі сұрақтар қойылып толық жауап алынды. Осы тақырыпта бейнежазбалар көрсетіліп, балалар бейнежазбадағы оқиғаны сипаттап берді. Мектебімізде  өткен адалдық сағатына Маңғыстау облыстық "Адалдық алаңы" жоба кеңсенің мүшелері: Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің  Маңғыстау облысы бойынша департаменті алдын алу және парасаттылық басқармасы бас маманы Шаиденова Аружан Мирамеденқызы - " Nur Otan" партиясы жанындағы Маңғыстау облыстық  "Jas Otan" ЖҚ төрағасының орынбасары қатысты. Бүгінгі өткізілген "Адалдық сағатына" мектебіміздің 343 оқушысы  қамтылды.

Отбасы - бақыт мекені!

icon

Мектепке жол

icon «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқорлыққа алынған балалардың қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну әрбір адамзаттың азаматтық парызы деп білеміз. Жыл сайын республика көлемінде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтіп жатыр. Осыған орай мектебімізде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ЖК «Г.Жиентаева», ЖШС «Ақтау Трансепт», ішкі саясат,  ЖШС «Мастер Тех», НКОК мекемесі, «Сбербанк России» банкі, «Сүйіндік ата» қоғамдық қайырымдылық қоры мен мектеп ұжымы  2-11 сынып аралығында 48 оқушыға, 1 сыныптар арасынан 12 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетіп балаларымызды бір қуантып тастады.Сонымен қатар,  «Луара» қоғамдық коры мектебіміздің көп балалы отбасыларының 10 баласына 2019-2020 оқу жылында «Хип-хоп» биіне тегін жолдамалар берді. Ендеше, көп болып арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.  

1 маусым - Балаларды қорғау күні!

icon1 маусым балалр күніне орай И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде бүлдіршіндерге эстафеталық жарыстар жүргізілді және асфальтта сурет салу ұйымдастырылды. Шара соңында балаларға балмұздақ, шар, чупа-чупстер таратылды 

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

iconТағы да бір оқу жылы аяқталып, мектебімізде дәстүр бойынша соңғы қоңырау салтанаты соғылды. Оқушылар бір жасқа есейіп, қызықты жазғы каникулға шықпақшы. Мектептің 47-түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасты. Жас түлектердің алдағы үлкен сыннан сүрінбей өтуіне тілектеспіз! 

«Жыр жебе» – Адай атада!

icon «Жыр жебе» – Адай атада! 24 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға мектебіміздің оқушылары қатысты. Кездесуде ақын Фархад Мусаев «ЖЫР ЖЕБЕ» атты айтыскер ақындар мектебінің шәкірттері: Жұмабай Мағжан Аманкелдіұлы, Саламатов Мейірбек Жәумітұлы, Сүйемов Алшын Қанбергенұлы, Сардар Ердәулет Бердіxанұлы, Қуаныш Жолдас, Қайырбек Теңел болды. Ақындар «құлмамбет айтыс» түрімен кезектесіп айтысты. Ақындар мен жыршылардың жырынан шабыты оянған мектебіміздің 9-сынып оқушысы, «Сазген» өнер мектебінің түлегі Рақымжан Жаңабаев өзі сұранып, көрермендер алдына шығып жырдан шашу шашты. Кәсіпорын атынан оқушымызға естелікке Маңғыстаулық ақын-жыраулардың жыр жинақтары тарту етілді. Оқушылар жақсы әсер алып, өнерге деген қызығушылықтары арта түсті. 

«Жер – ана» акциясы жалғасын табуда

icon «Жер – ана» акциясы жалғасын табуда. Мектебіміздің оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп эссе жазды және бірқатар оқушыларымыз ата-анасымен бірігіп мектеп жанына көшеттер отырғызды.  

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні!

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақст ...

29 қараша 2019
23 қараша - Жалпы адамзаттық Құндылықтар күні

23 қараша - Жалпы адамзаттық Құндылықтар күнін атап өту мақсатында рухани адамгершілік әлеуметін ...

25 қараша 2019
Бала құқығы - адам құқығы

Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын б ...

19 қараша 2019
Адалдық сағаты

Мектебімізде бірыңғай жалпы - республикалық "Адалдық сағаты" өткізілді. Мақсаты: Өскелең  жас ұрпа ...

06 қараша 2019